«KazComNet» компаниясы ақпараттық технологиялар саласында 2001 жылдан бастап қызмет етеді. Біздің Компания ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетулердің кең спектрін ұсынады. Біз ақпараттық-талдау жүйелерін өңдеу, Web-порталдарды өңдеу, компьютерлік, серверлік жабдық пен мультимедиа жүйелерін жеткізу мен орнату, кеңселік оргтехниканы жеткізу, ҚКЖ және ЖЕЖ желілерін монтаждау мен жобалау, лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды жеткізу мен орнату сияқты қызмет көрсетуді ұсынуға дайынбыз. Компьютерлік және кеңселік жабдықты жеткізу. Әлемдік брендтердің компьютерлік жабдықтарын жеткізу, кешенді бөлшектер мен кеңселік оргтехниканы жеткізу, компьютерлік және кеңселік жабдықтардың кепілі және қызмет көрсету. Бағдарламалық қамсыздандыруды жеткізу. IBM, Oracle, Microsoft, Cisco және тағы басқалары сияқты әлемдік брендке ие бағдарламалық қамсыздандыруды жеткізу (операциялық жүйелер, кеңселік, антивирустық және басқа да бағдарламалық қамсыздандырулар).

 

Ақпараттық-талдау жүйелерін ақпаратты басқару және арнайы бағдарламалық кешен жүйелерін өндіру және енгізу. Желілік жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырудың қызмет көрсету-консалтинг орталығы. Кәсіпорынды басқарудың интеграциялық жүйелерінің консалтингі мен оңалуы. Желілік жабдық пен бағдарламалық қамсыздандыруды дистрибуциясы, желілік консалтинг.

 

«KazComNet» компаниясы IBM, Oracle, Microsoft, Intel, Cisco және т.б. сияқты компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамсыздандырудың әлемдік өндipушілерінің серіктесі болып табылады. Компания компьютерлердің, мониторлардың, ноутбуктердің, сканерлердің, принтерлердің, үздіксіз қоректендіру көздерінің; бағдарламалық қамсыздандырудың (операциялық жүйелер, кеңселік, антивирустық және басқа да) тапсырушының жеке тапсырмалары бойынша кешендік жеткізілуін ұсынады.