«Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі

 

«Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі «БАЖ» электрондық база мен мәліметтер қойманың технологияларында негізделген ақпараттық-талдау жүйесі ретінде құрылған. БАЖ құрудың негізгі мақсаты – бюджеттік өтінімдерді өңдеудің автоматтандырылуы және электрондық кестелер түріндегі мәліметтерді ұсыну үшін база және қойма түріндегі ақпараттың интеграциялануын қамтамасыз ету.

 

«БАЖ» жүйесі ақпараттық-талдау жүйелері мен жағдайлық басқару жүйелерін жобалаудың замануи тұжырымдамалық тұрғы, тәсілдер мен әдістердің негізінде құрылған.

 

«БАЖ» қолданудың бірыңғайлық қағидаларына негізделген, өйткені мүдделі пайдаланушылардың үлкен бөлігімен бірыңғай мәліметтер қорын құру мен пайдалануда объективтік қызығушылық бар. Ақпараттық көздердің бірыңғайлығы шешімдерді қабылдаудың ақпараттық-талдау қолдану тапсырмаларын шешу кезінде көп көрінеді.

 

«БАЖ» ашық жүйелердің қағидаларына сәйкес құрылған, яғни оның жабдықтары, бағдарламалық және ақпараттық қамсыздандырылуы келесі қасиеттерге ие:

  • құрылымдық динамикалылық. Бұл БАЖ заңнаманың өзгерістеріне, басқару жүйесінің қайта құрылудың үздіксіз өзгерістеріне барабар икемденетіні деген сөз.
  • толықтылық
  • интеграциялану, басқа ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі
  • ·         әр түрлі инфрақұрылымдарға және технологиялық платформаларға, бірыңғай емес архитектуралық мәліметтерге икемділік, кеңею, кең көлемділік 

 

Құрылған «БАЖ» құрылуының нақты мақсаттарына жету үшін бағдарланған функциялардың толықтылығы мен кешенділігін қамтамасыз етеді. Бағдарламалық орта программистке емес, түпкі пайдаланушыға бағдарланған.

 

«БАЖ» клиент-қосымшалар сервері-құрылымдық бөліністердің қажетті ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін сервер түріндегі үш деңгейлік құрылымға (архитектураға) ие.

 

«БАЖ» функционалдық архитектурасы бөлінген бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұрады. Мұндай жүек қызметтік ақпаратты өңдеудің бірнеше деңгейіне ие. Әр түрлі мәліметтерге және бағдарламалық қамсыздандырудың әр түрлеріне ену пайдаланушының мәртебесі мен қажеттіліктеріне тәуелді.

 
budghet

 

Бөлінген бағдарламалық-аппараттық жүйенің жалпы құрылымы

 


 «БАЖ» автоматтандырылған функциялары

  1. кіріс мәліметтердің жеткізілуі, іріктелуі, жүктелуі және сақталуы.
  2. түпкі пайдаланушылардың Web-енуі;
  3. шығыс мәліметтердің және олардың әр түрлі ақпараттық жүйелерге өңделу нәтижелерін жеткізу, сондай-ақ БАЖ құралдарын басқа қосымшалардан қолдану.

 

Кіріс мәліметтер белгіленген форматтағы толтырылған нысан болып табылады. Жүйені мәліметтермен толтыру үшін нысандар жүйенің ікмшісімен өңделеді. Жалпы алғанда нысан екі өлшемді кесте ретінде ұсынылады. Қосымшалар нысандары MS Excel-де немесе пайдаланушының Web-интерфейсінде толтырылады.

 

Шығыс мәліметтер MS Excel кестелері форматындағы жүйенің есебі ретінде ұсынылады. Есеп жүйесі әкімшімен жөнделеді. Есептер диаграммалардан және басқа да көрнекі ақпараттан тұрады.

 

«БАЖ» өзіне келесі негізгі функционалдық модульдерден тұрады:

  • «Әкімшілендіру» модулі;
  • «Құжаттармен жұмыс» модулі;

 

 

«Әкімшілендіру» модулі

Осы модуль шешетін тапсырмалар:

  • жаңа пайдаланушылар мен пайдаланушылар тобының бюджеттерін бастау.
  • пайдаланушылар тобы мен жаңа пайдаланушылар үшін ақпаратқа енуді ұсыну
  • пайдаланушылар тобының өзекті ұсталуын бақылау;
  • пайдаланушылардың мониторингі;

 

 

«Құжаттармен жұмыс» модулі

Осы модуль шешетін тапсырмалар:

  • жүйенің дұрыс қызмет етуіне қажетті керек жағдайда ақпаратты ұстау

 

Ақпарат жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін қажетті барлық құжаттардан тұрады. «Құжаттармен жұмыс» модулі» MS Excel-ге қондырма ретінде және пайдаланушының web-интерфейсі түрінде іске асырылған.