Басқарудың Ақпараттық Талдау Жүйесі «БАТЖ»

Басқарудың Ақпараттық Талдау Жүйесі «БАТЖ» - Hyperion Planning System 9 базасында құралған. Planning веб-технологияларға негізделген, Analytic Services функцияларын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі қосымша болып табылады. Planning кескінінде үш бөлек логикалық деңгей бар: мәліметтер қор деңгейі, сервер қосымшалар/веб-серверлер деңгейі (орташа деңгей деп те аталады) және клиенттік деңгей.

  • Мәліметтер қор деңгейі мәліметтер қор серверлерінен, реляциялық мәліметтер қорынан және Analytic Services мәліметтер қорынан тұрады. Мәліметтер қор деңгейі келесі компоненттерден тұрады:
    • Analytic Services
    • Реляциялық мәліметтер қор сервері (Microsoft SQL Server).
  • Сервер қосымшалар/веб-серверлер деңгейі немесе орташа деңгей Windows жүйесінің базасындағы Planning серверінен, веб-серверден және веб-қосымшалар серверінен тұрады. Қосымша жабдықтағы кең көлемділігін қамтамасыз ету үшін қосымша серверлерді құруға болады. Сервер қосымшалар/веб-серверлер деңгейі келесі компоненттерден тұрады:
    • Windows негізіндегі Planning сервері
    • Planning Java қосымшаларының сервері
    • Hyperion System 9 BI+ Analytic Administration Services™ Java қосымшаларының сервері
  • Клиенттік деңгей клиенттік деңгейге жүгінетін әкімші клиенті мен веб-клиенттен тұрады. Клиенттік деңгей мәліметтерді енгізу, өңделуді, метамәліметтерді, пайдаланушыларды және қауіпсіздікті басқару, бизнес ережелерді жіберу, версияларды көшірмелеу, нысандарды жасау және басқа да әкімшілік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Клиенттік деңгей келесі компоненттерден тұрады:
    • Planning клиенті Windows
    • Planning вебклиенті
    • Smart View клиенті

 

 

Planning жай веб-клиенттермен архитектурадан тұрады, сондықтан негізгі пайдаланушыларға тек клиенттік компьютерде тұрған қолдау шолушы қажет. Өңдеу клиенттің жұмыс станциясында жасалмайды. Орташа деңгейлі қосымшалар сервері J2EE стандартына жатады және WebLogic, WebSphere және Tomcat сияқты кең таралған Java қосымшаларының қолдайды. Орташа деңгей шынымен де қосымшалар деңгейі болып табылғандықтан және ол жерде мәліметтер сақталмағандықтан, кең көлемділік пен қол жетімдік маңызды жоғары. Шынында, мәліметтер, сондай-ақ қосымшалар қаңқасы, метамәліметтерді және мәтіндік мәліметтердің сақталуы үшін арналған реляциялық мәліметтер қорының қоймасы Analytic Services көмегімен мәліметтер қор деңгейінде сақталады және есептеледі.

 

Planning Web Client  

Planning есептілік пен талдауды, өңделуді басқаруды және құрылымдық нысанды қоса отырып веб-пайдаланушы үшін функциялардың толық көлемін қамтамасыз етеді. Одан басқа, барлық әкімшілік функциялар Интернет арқылы жасалады. Planning компанияларға бағдарламалық қамсыздандыруды клиенттердің компьютерлерінде орнатпай-ақ жоспарлануы бөлінген ұйымдар үшін қосымшаларды тез жазуға мүмкіндік беретін веб-интерфейсті қолдануды ұсынады. Веб-интерфейс пайдаланушылары үшін барлық бағдарламалық қамсыздандыру серверде орналасқан. Жоғары өндірісті және кең көлемденетін архитектураға негізделген Planning ауқымның жалпы құнын азайтады және қай уақытта болса да, қай  жерде болса да қосымшаға ену құқығы бар пайдаланушылар үшін жазылу процесін жеңілдетеді.

 

Business Rules 

Hyperion System 9 Business Rules Planning-тің негізгі компоненті болып табылады, ол автоматты түрде Analytic Administration Services (AAS) бірге орнатылады. Business Rules ғаламдық қаржылық ұйымдардың жоспарлану қажеттіліктерінің кешенді қолдануын қамтамасыз етеді. Business Rules бұл күрделі есептер мен бизнес модельдерді құру, басқару, жөндеу, құжаттандыру және орындау кезінде пайдаланушыларға көмектесетін графикалық сайман. Ол өнім мен клиенттің рентабельділігі, бюджеттеу және жоспарлау, қаржыларды басқару, сондай-ақ клиенттермен байланысты басқару секілді көптеген талдау қосымшаларында қолдануы мүмкін. Planning пайдаланушылары Business Rules-ті бөлу процестері мен бизнес ережелерін құру, жіберу, өзгерту және ұйымдастыру үшін қолдана алады. Пайдаланушылар жоспарлау кезіндегі бөлу тәсілдерін таңдайды және жібереді, жаңа мәліметтерді құрайды және нәтижелерін талдайды.

 

Analytic Services (OLAP-Сервер Hyperion Essbase™) 

Planning Hyperion System 9 BI+ Analytic Services-тен жоғары қызмет етеді және оның талдау мен есептеудің зор мүмкіндіктерін, қаржылық талдаудың, есептеудің ендірілген сүзгіштерін және көпөлшемді кубтар қосымшаларының қолдауын пайдаланады. Planning OLAP технологияларын және мәліметтер қоймаларын жоспарлаудың мамандырылған қосымшасына талдаудың зор мүмкіндіктерін, кеңейтілген кең көлемділігін және мәліметтерді басқару мүмкіндіктерін енгізу арқылы қолданады. Planning қосымшаның анықтамасын реляцияланған мәліметтер қорында сақтайды және кейіннен осы ақпаратты қажетті Analytic Services мәліметтер қорын және қосымшаның қауіпсіздік артықшылықтарын құру  үшін қолданады

Hyperion Essbase – бұл көптеген көздерден мәліметтерді интеграциялайтын және талдау қосымшаларының талдаушыларына, ғылыми қызметкерлерге және өңдеушілерге көмектесуге арналған арнайы құрал-саймандардың жан-жақты жиынтығын қолдайтын талдау платформасы.

 

 

Общая схема работы настольной OLAP системы.

 
iasu2

 

 

Жұмыс алгоритмі келесі:

  1. Жазық кесте түріндегі мәліметтерді немесе SQL сұранысын орындау нәтижесін алу.
  2. Мәліметтерді кэштау және олардың көпөлшемді кубқа айналдыру.
  3. Кросс-кесте немесе диаграмманың көмегімен құралған кубты бейнелеу және т.б. Жалпы жағдайда, бір кубқа бейнелердің ерікті саны қосыла алады.

 

Shared Services 

Shared Services келесі функцияларды орындау үшін өнімдердің интеграциясын қамтамасыз етеді:

  • Пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Сыртқы аутентификацияны анықтау
  • Метамәліметтердің үйлестірілуі
  • Мәліметтердің үйлестірілуі
  • Тапсырма ағындарын басқару

 

License Server 

Hyperion лицензиялардың жалпы серверін қолданады. Hyperion License Server Hyperion өнімдерін қолданушының толық және біртекті бақылау әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Сервер сіздің кәсіпорныңыз үшін әзірленген, келесі ақпараттар түрін қадағалау және мониторингі үшін лицензиялардың файлын қолданады:

  • Сатып алынған өнімдер
  • Функциялардың параметрлері
  • Әр өнімге ену құқығы бар пайдаланушылардың саны
  • Қызмет көрсету туралы келісімдер мен лицензиялық келісімдердің әрекет ету мерзім күндері

 

Hyperion License Server бағдарламалық қамсыздандыруға арналған лицензияларды басқару үшін бірыңғай әкімшілік құралды ұсыну үшін басқа өңдеушілердің компонентін қолданады. Hyperion License Server бұл физикалық сервер емес, ал процесс болғандықтан ол мамандырылған компьютерде орнатылуын талап етпейді. өнім бірлесіп қолданатын компьютерде, көздердің одан әрі тиімді қолдануын қамтамасыз ететін ортадағы жағдайды жеңілдете отырып орнатылуы мүмкін.

 

Архитектура системы 

   
iasu

 

БАТЖ мақсаты

БАТЖ мақсаты – бұл Жамбыл облысы Әкім аппаратының қызметі және шешім қабылдау жөніндегі талдау және анықтамалық деректерді алудың автоматтандырылуы. БАТЖ Жамбыл облысы Әкім аппаратының әрекет ететін мәліметтер қорынан алдын ала өңделген ақпараттың бір өнім ретінде бірігуі мен сақталуы және Жамбыл облысы Әкім аппаратының басшы буынымен жедел мониторинг пен шешімді қабылдау үшін талдау есептерінің автоматтандырылуы үшін арналған.

 

БАТЖ құру мақсаты

  • Жамбыл облысы Әкім аппаратының басшы қызметшілерінің өнімділігі мен еңбек тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін берілген параметрлер бойынша талдау ақпаратын өңдеу, жинақтау және беру процестерін барынша автоматтандыру;
  • қажетті талдау ақпаратын уақытылы алудың негізінде шешімді жедел қабылдау;
  • өндірістік және талдау есептерін құру кезінде мәліметтерді қолмен өңдеудің уақытын қысқарту;
  • құжат айналымының қағазсыз технологиясына ауысу;
  • маркетинг пен конъюнктурлық талдауды өткізу үшін диаграмма мен кестелер түріндегі логикалық ақпараттық модельді өңдеу (үлгілі модель);
  • әр түрлі көздерден мәліметтердің интеграциясы;
  • Жамбыл облысы Әкім аппаратының құрылымдық бөліністері мәліметтерінің консолидацияланған бейнесін құру.

 

 

БАТЖ заманауи ақпараттық жүйелерді құрастырудың негізгі қағидаларын қанағаттандырады:

  •       кең көлемділік – БАТЖ қуатын өсіру аппараттық қамсыздандырудың сипаттамасымен анықталады, ол жерде аталған жүйе қызмет етеді, бұл жұмыс орнының және көліктік ортаның өткізу мүмкіндігін жүйенің логикалық құрылымына маңызды өзгертулерді енгізбестен санын шексіз көбейтуге мүмкіндік береді;
  •       ашықтық – БАТЖ ашық API интерфейсіне ие, бұл бағдарламалық құралдарды даяр шешім ретінде ғана емес, сондай-ақ өңдеушінің маңызды сайманы ретінде қолдануға мүмкіндік береді;
  •       ақпараттық қауіпсіздік – БАТЖ жеке модульдер, құжаттарға қатысты оқу және/немесе түзету жөніндегі енудің шектелген режимінің автоматтандырылуын қамтамасыз ететін механизмдерді қоладанды;
  •       иілгіштік – қызмет етуін бұзбастан жаңа фунцияларды енгізу мүмкіндігі;
  •       бөлінушілік – БАТЖ коммуникациялардың бар болуы кезінде Web технологиялары бойынша ақпаратқа қашықтатылған енуді қамтамасыз етеді;
  •       гетерогендік жүйелік ортаны қолдау – әр түрлі желілік және клиенттік операциялық жүйелердің қолдануымен жасалған ортадағы БАТЖ әрекет етуі;
  •       кеңейгіштік – БАТЖ тәуелсіз ұйымдастырушылық-штаттық кестесі бар түрлі құрылымдық бөліністердің қызметін қолдайды, және олардың бірыңғай ақпараттық өрісте бірігуін қамтамасыз етеді;
  •       сабақтастық – БАТЖ есептеуіш  техника құралдарының техникалық үрдісі мен үнемі ауысуына тәуелсіз бұрын қалыптасқан ақпараттың барабар қайталануын қамтамасыз етеді.

   

Мәліметтерді жүктеу

Компонента келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • тарихи мәліметтердің алғашқы жүктелуі;
  • мәліметтер көзіне қол жетімдік;
  • жедел көздерден мәліметтерде алу;
  • мәліметтердің өзгеруі мен консолидациясы;
  • мәліметтердің дұрыстығына тексеру және тазарту;
  • МҚБЖ-нен мәліметтерді жүктеу;
  • көпөлшемді МҚ-на мәліметтерді жүктеу (OLAP-кубтары).

Компонента функциялары автоматты түрде БАТЖ әкімшісімен қойылатын тәртіпке сәйкес орындалады. Одан басқа, компонента реттелмеген мәліметтерді жүктеу мүмкіндігін қарастырады.

 

OLAP серверін әкімшілендіру

Компонента келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • OLAP серверін басқару;
  • OLAP серверіне қол жетімдікті басқару;
  • көпөлшемді МҚ-на мәліметтерді жүктеу операцияларын орындауды жоспарлау мен бақылау;
  • OLAP сервер жұмысының мониторингі;
  • көпөлшемді МҚ резервтік көшірмелеу операцияларын жоспарлау;
  • көпөлшемді МҚ резервтік көшірмелеу операцияларын орындау;
  • көпөлшемді МҚ резервтік көшірмелеу операцияларын орындауды бақылау;
  • қате кезінде көпөлшемді МҚ қайта құру.

 

 

 

 

 

 

БТАЖ-да компонента есептілік нысандарымен келісілген және әзірленген көпөлшемді сөрелерге қол жетімдікті қамтамасыз етеді.

 

 

 

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) әкімшілендіру

Компонента функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • МҚБЖ серверін басқару;
  • МҚБЖ серверіне қол жетімдікті басқару;
  • МҚБЖ-не мәліметтердің орналасуын жоспарлау мен іске асыру;
  • МҚБЖ-не мәліметтерді жүктеу операцияларының орындалуын жоспарлау мен бақылау;
  • МҚБЖ жұмысының мониторингі;
  • Мәліметтер қоры (МҚ) резервтік көшірмелеу операцияларын орындалуын жоспарлау;
  • МҚ резервтік көшірмелеу операцияларын орындау;
  • МҚ резервтік көшірмелеу операцияларын орындалуын бақылау;

қате кезінде көпөлшемді МҚ қайта құру.

 

Нормативтік-анықтамалық ақпарат (НАА) қарау мен жаңарту

Компонента келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

 

  • НАА қарау;
  • НАА жаңарту;
  • НАА жаңартылуының орындалуын бақылау;
  • біркелкілік иерархиясының сілтемелік толықтығын бұзуды бақылау;
  • мәліметтердің жоқтығы себебінен бас тартылуын бақылау.

Мәліметтердің талдауы

Компонента функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • метамәліметтерді қарау;
  • мәліметтер сөрелеріне сұранысты қалыптастыру үшін көрсеткіштер мен өлшемдерді таңдау;
  • сұраныс параметрлерін өзгерту;
  • есепті шығару параметрлерін анықтау;
  • есептерді құрастыру;
  • мәліметтерді электрондық кестеге ауыстыру;
  • есепті қарау мен басып шығару;
  • пайдаланушылардың есептермен топтық жұмысы;
  • есептерді сақтау мен жаңарту.