• Басты »
  • Проекты »
  • «е-Статистика» «Әкімшілік ақпараттың мәліметтер қоры» Интеграциялық ақпараттық жүйе (ИАЖ) Компоненті

«е-Статистика» «Әкімшілік ақпараттың мәліметтер қоры» Интеграциялық ақпараттық жүйе (ИАЖ) Компоненті

 

«е-Статистика» «Әкімшілік ақпараттың мәліметтік қоры» ИАЖ Компоненті әкімшілік көздерден (мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелерінен, мемлекеттік органдардың мәліметтер қоры) бастапқы ақпаратты жүктеу, ауыстыру, біріздендіру, сақтау үшін арналған.

 

Әкімшілік мәліметтердің мәліметтер қоры (ӘМ МҚ) «Халықтың статистикалық тізімі», «Статистикалық бизнес тізім»,  «Ауыл шаруашылық тізім» (бұдан әрі Тізімдер), «Статистикалық және әкімшілік ақпараттың өңделуі» АЖ Компоненті, Агрегацияланған көрсеткіштердің мәліметтер қоры компоненттер үшін ақпараттық қамсыздандыру болып табылады.

 

ӘМ МҚ Кіріс ақпараты мемлекеттік органдардың әкімшілік мәліметтері болып табылады, ал шығыс ақпараты ретінде дұрысталған әкімшілік мәліметтер болып табылады.

 BD_AD1

 

 

ӘМ МҚ кестелерінің құрылымы мәліметтерді сақтаудың екі форматын қолдайды:

  • әкімшілік көздермен ұсынылатын мәліметтердің тап сол құрылымда;
  • «Метамәліметтер» АЖ және «Класс» АЖ-дегі көрсеткіштер мен классификаторлардың суреттеуіне сәйкес көрсеткіштердің әкімшілік мәліметтерді дұрыс сақтауға ауыстыру. "е-Статистика"-дағы әкімшілік мәліметтер көрсеткіштерінің жоқ болуы жағдайында Метамодель мен көрсеткіштердің құрылуы нақтыланады.

 

ӘМ МҚ қамтамасыз етеді:

  • Әкімшілік мәліметтердің оқылуы мен жүктелуін;
  • Әкімшілік мәліметтердің қаралуын;
  • Әкімшілік мәліметтердің, ведомстволық статистика көрсеткіштерінің орталықтандырылған сақталуы;
  • Мәліметтердің кезең бойынша сақталуы (тарихтылығы);
  • Қойманың өзгерістерін, әкімші мен басқа пайдаланушылардың әрекеттерін қисындылау

 

ӘМ МҚ-дағы ақпарат көздері болып табылады:

  • ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
  • ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғалу министрлігінің Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың «Міндетті зейнетақылық алымдар» автоматтық ақпараттық жүйе (ААЖ);
  • ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің АЖ;
  • Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің «Көлік құралдары» ААЖ;
  • ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғалу министрлігінің «Міндетті әлеуметтік кепілдендірілуі» ААЖ;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау кадрлары» АЖ
  • ҚР Білім беру министрлігінің АЖ;
  • ҚР Ау
    BD_ADыл шаруашылық министрлігінің «e-Agriculture» АЖ.

 

ӘМ МҚ құрылымының тұжырымдамалық моделі

ӘМ МҚ даму аясында келесі блоктардан тұрады:

 1. Мәліметтер блогы. Келесі модульдерден тұрады:

  • «Мәліметтердің жүктемесі» модулі;
  • «Мәліметтерді қарау» модулі;
  • «Мәліметтер қоры» модулі.

 

 2. Нормативтік-анықтамалық ақпарат (НАА) блогы. Келесі модульден тұрады:

  • «НАА» модулі.

 

 3. Мониторинг блогы. Келесі модульден тұрады:

  • «Мониторинг модулі» модулі.

 

 4. Интеграция блогы. Келесі модульден тұрады:

  • «Интеграция» модулі.

 

 

 

 

Жүйенің модульдер тізімі. 

 

«Мәліметтер қоры» модулі әкімшілік көздерден алынған әкімшілік ақпаратты сақтау үшін арналған.

 

«Мәліметтердің жүктемесі» модулі мүдделі мемлекеттік органдардың қолда бар мәліметтер қорынан, әкімшілік мәліметтері бар сыртқы тасымалдауыштардың бумаларынан мәліметтерді жүктеу, сондай-ақ «Ретке келтірілген мәліметтер» МҚ-дан «Дұрысталған мәліметтер қоры» МҚ-ға мәліметтерді жүктеу үшін үшін арналған.

 

«НСИ» модулі алынатын әкімшілік мәліметтердің НАА қарау және оны «е-Статистика» Метамоделінің форматына келтіру үшін арналған.

 

«Мәліметтерді қарау» модулі лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды қолданумен әкімшілік мәліметтердің жедел талдауын қамтамасыз ету үшін арналған.

 

«Мәліметтер мониторингі» модулі ӘМ МҚ Компонентінің әрекет етуіне қатысты қызметтік статистиканы жүргізу үшін арналған.

 

 «Интеграция» модулі  ӘМ МҚ «е-Статистика» ИАЖ (интеграциялық ақпараттық жүйе) басқа компоненттерімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану үшін арналған.