Портал

 

Порталдар Web-қосымшаларға қол жетімдіктің қарапайым, бірыңғай орны ретінде қызмет етеді. Бірақ ол ғана емес – бірлескен жұмыс пен іс жүргізудің қауіпсіздігін, іздеуін, ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін секілді қосымша және аса маңызды функцияларды ұсынады. 

portal1

Портал ақпараттық толымдылық пен қосымшаларға интеграцияланған қол жетімдіктен, сондай-ақ ұжымдық жұмыс үшін біріздендірілген жұмыс кеңістігінен тұрады. Шынымен де, порталдар келесі ұрпақ үшін барлық клиенттік құрылғыларға Web арқылы электрондық бизнес қосымшаларына қол жетімдікті қамтамасыз ететін жұмыс орны ретінде болып отыр. Портал үшін толық функционалды шешім уақытына және орнына тәуелсіз, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздігін кепілдей отырып тапсырмаларын орындау үшін қажетті барлық нәрсеге ыңғайлы қол жетімдікті ұсынуы тиіс.

 

Ақпараттық порталды құрудың басты мақсаты ретінде Жамбыл Облысының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болды:

  • Облыста, сондай-ақ басқа ақпараттық көздерде қолданылатын әр түрлі ақпараттық жүйелердегі мазмұндалған басқарушылық ақпаратына мөлдір қол жетімдікті ұсыну;
  • Әкімдіктегі және одан тыстағы ақпаратқа, қосымшаларға және басқа да мәліметтер көздеріне бірңығай қол жетімдік нүктесін ұсыну. Сонымен бірге, ақпарат жекешелендірілген, интеграцияланған және агрегатталған түрінде – яғни функционалды мәселелер мен тапсырмаларды шешу және шешімдерді қабылдау процесін барынша қолдайтын түрде берілуі мүмкін;
  • Облыс бойынша бірыңғай базаны құру, және де үлкен уақыт мен ресурстық шығынды қажет ететін агрегацияланған ақпаратты қоса алғанда.

 

Портал келесіні қамтамасыз етеді:

  • Бірыңғай ақпараттық ресурсты қалыптастыру;
  • Тиісінше бөлімдердің ақпарат көздері болып табылатын, яғни ұстаушылары, ведомство астындағы құрылымдар порталының тиісінше бөлімдері арқылы ақпаратты ресурстарға қол жетімдікті ұсыну;
  • Қажетті ақпараттың жиналуын, консолидациясының және талдауы есебінен комитеттің ведомстволары мен бөліністерінің басшыларымен шешімдерді қабылдауын қолдау және басқару деңгейін жоғарылату;
  • Қызметшілер арасындағы қатынас пен бірлескен жұмыс деңгейін жоғарылату;
  • Ведомстволардағы процесс пен рәсімдерді біріздендіру мен стандарттау жөніндегі процестерді қолдау;
  • Халық пен ұйымдарға қызмет көрсету мен жұмыс сапасын арттыру;
  • Барлық пайдаланушылар үшін бірыңғай ақпараттық жүйенің, сондай-ақ Порталға ақпараттық материалдарды даярлау мен орналастырудың жалпы стандарттарын қамтамасыз ету;
  • Толық, шын және қарама-қайшы емес ақпаратты уақтылы және жедел орналастыруды қамтамасыз ету;
  • Ұйым қызметіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша ақпараттық-анықтамалық ресурстар мен интерактивті пайдаланушылар сервисін орналастыру, соның ішінде бағдарламалар, тұжырымдамалар және басқа да құжаттар, виртуалды талқылаудың ұйымдастырылуы (форумдар, конференциялар);
  • Облыс Әкімінің қызметі туралы деректерге орталықтандырылған және ыңғайлы қол жетімдікті қамтамасыз ету;
  • Портал мен интернет-ресурстардың барлық ақпараттық толықтылығы бойынша ыңғайлы навигация мен іздеуді қамтамасыз ету;
  • Қажетті режимдерде Портал және басқа ақпараттық ресурстар мен жүйелер арасында өзара әрекеттесуді және ақпараттық алмасуды ұйымдастыру;
  • Портал келушілеріне анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұсыну.

 

Портал кэштаудың көп пайдаланушы, көп тапсырмалы қызметті және Web-браузер арқылы клиенттердің қауіпсіздігін қолдауды ұсынатын аралық қабаттан тұрады. Үстелде тұратын клиенттер қолдауды қажет етпейді, архитектурасы кең көлемділікпен ерекшелінеді. Портал басқа әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функцияларын іске қосуға мүмкіндік береді. Портал талдау құралдарының функционладқы мүмкіндіктерін бірыңғай күйге келтірілген Web-интерфейс арқылы білікті мамандарға, жауапты қызметшілерге және ақпаратты тұтынушыларға қол жетімді етеді.

 

Ақпараттық жүйе бөлігі Порталдың бөлімдері бойынша пайдаланушыға ақпараттың ұсынылуына жауап береді.

portal2

 

 

Жалпы жүйелік пайдаланушы сервистер Порталдың барлық бөлшектерімен қолданылатын функционалдық блоктардың жиынтығынан тұрады.

Жалпы жүйелік пайдаланушы жүйелеріне жататындар:

  • Тіркеудің жүйе бөлігі
  • Қол жетімдік жүйе бөлігі
  • Ақпараттық каналдардың конструкторы (контент-менеджер)
  • Бірыңғай рубрикатор (қызметтік және тақырыптық)
  • Іздеу жүйесі
  • Сауалнама жүргізу
  • Форумдар, конференциялар
  • Жазылу және тарату
  • Өз сайттарын қарау статистикасын қарау

Логикалық тұрғыдан Web-жүйе екі негізгі бөліктен тұрады.

 

Web-жүйенің пайдаланушы бөлігі мемлекеттік құрылым қызметшілері мен халыққа әр түрлі ақпарат пен сервистерді ұсыну үшін арналған. Комитет қызметшілеріне енгеннен соң сайттың пайдаланушы бөлігі мен жеке жөндеулерді қолдану мүмкіндігі ұсынылады.

 

Web-жүйенің әкімшілік бөлігі контент пен Web-жүйені әкімшілендіру үшін арналған. Аталған бөлігіне тек жүйенің әкімшісі ене алады. Жүйенің әкімшісі – жүйенің жабық әкімшілік бөлігіне ене алатын комитет қызметшілері. Олар сайттың толтырылуын, жарияланымдары мен жаңартылуын іске асырады. Сондай-ақ пайдаланушылардың тіркелуіне, олардың жүйеге ену құқығын басқаруға, ғаламдық анықтамалардың, бөлімдердің, жүйелік жөндеулердің басқарылуына да жауапты. 

 

Бірыңғай жүйенің шегіндегі құқықтар жөнделуінің иілгіш жүйесі интернет-сайттары отбасының әрекет етудің мүмкіндігін іске асырады. Нақты пайдаланушы ену құқығы бар интернет-сайттарының (олардың бөлімдеріне) бірыңғай интерфейсі шегінде ғана ену құқығы бар. Ену құқығы жоқ бөлімдер оның интерфейсінде көрінбейді.